Qsport медиа тобы 2025 жылғы маусымда QFL-мен серіктестікті жалғастыру туралы растау алған жоқ

2025.02.26

Серіктестер, көрермендер мен медиа өкілдерінен келіп түскен көптеген сұрақтарға байланысты Qsport медиа тобының мәлімдемесі:

Qsport медиа тобы QFL ұйымдастырған барлық турнирлерді сапалы телевизиялық және цифрлық көрсетілімін қамтамасыз еткен қолданыстағы келісімшартқа қарамастан, осы уақытқа дейін лига тарапы одан әрі өзара іс-қимылға қатысты өз ниетін растай алмады. Осыған байланысты біз 2025 жылы лига матчтарын өндіру және трансляция бойынша міндеттеме ала алмаймыз.

Бүгінде Суперкубок, сондай-ақ QFL-дың басқа да турнирлерін біздің түсірілім топтарымыз түсірмейді және матчтар біздің ресурстарымызда көрсетілмейді.

Біз әрқашанда қазақстандық футболды дамытуға және әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жоғары сапалы медиаөнім арқылы оны танымал етуді жалғастыруға ұмтылдық.

Өткен маусымда біз алғаш рет барлық турнирлерді комментаторлар мен заманауи графика арқылы көрсеттік, live режимдегі статистикалық мәліметтерді енгіздік, негізгі жарыстарда VAR жұмысын техникалық қамтамасыз ету жұмысын қолға алдық. Сондай-ақ, алғаш рет толықтырылған шынайылық шешімдерін қолданып, бүкіл қазақстандық футболды тегін тамашалауға арналған ОТТ-платформаны іске қостық.

Осы маусымда біз отандық клубтардың маусым алдындағы жиындарының тікелей көрсетілімі мен медиа сүйемелдеуді өз қаражатымызға ұйымдастырып, трансляциялар мен жалпы медиа өнімнің сапасын кешенді арттыруға бағытталған бірқатар ауқымды жобаларды шығаруға дайындадық.

Біз қазақстандық футбол мен оның жанкүйерлерінің мүддесі үшін диалог пен одан арғы серіктестік үшін әрдайым ашықпыз.