2026 жылғы әлем чемпионатының символикалық құрамасын таңдаймыз
2026.07.21
2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталды. Енді QSport мундиальдің символикалық құрамасын анықтайтын дауыс беруді бастамақ. Үздік құрамды жанкүйерлердің өздері таңдайды.
Алдағы күндері QSport Telegram-арнасында әр позиция бойынша жеке дауыс беру өтеді. Оқырмандар қақпашы мен қорғаушылардан бастап, жартылай қорғаушылар мен шабуылшыларға дейін әлем чемпионатының үздік ойыншыларын таңдайды.
Әр позицияға турнирде жарқын өнер көрсеткен футболшылар ұсынылады. Соңғы таңдау QSport оқырмандарына тиесілі: дауыс беру нәтижесі бойынша 2026 жылғы әлем чемпионатының символикалық құрамасына кімдер кіретіні анықталады.
Алдымен турнирдің үздік қақпашысын таңдаймыз. Одан кейін дауыс беру басқа позициялар бойынша жалғасады. Нәтижесінде жанкүйерлермен бірге өткен мундиальдің басты қаһармандарынан толық символикалық құрам жасақтаймыз.
Өз позициясында кім шынымен үздік болды? Кім өз құрамасы үшін таптырмас ойыншыға айналды? Ал қай футболшылар қорытынды XI құрамына кіруге көбірек лайық?
QSport Telegram-арнасына жазылыңыздар, дауыс берулерді жіберіп алмаңыздар және 2026 жылғы әлем чемпионатының өз символикалық құрамаларыңызды таңдаңыздар!