AFC U20 Азия Кубогы-2025 – QSport телеарналарында

2025.02.12
12 ақпанда Қытайда 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия Кубогы басталды. Турнирдің топтық кезеңіне 16 команда қатысып жатыр, олардың қатарында Қырғызстан мен Өзбекстан құрамалары да бар.
Азияның төрт үздік құрамасы 2025 жылы Чилиде өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Сондай-ақ, Қырғызстан, Таиланд және Йемен құрамалары алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алуға таласады.
Бұл турнир тарихтағы 42-ші мәрте ұйымдастырылып отыр және 12 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді. Барлық ойындарды QSport телеарналарынан тамашалауға болады.
Photo: uzbekistanfa