«Қайратта» үш жыл ойнап, РПЛ-ге аттанды – Вадим Ульяновпен сұхбат

2025.03.14

Қысқы трансферлік кезеңде қақпашы Вадим Ульянов Ресей Премьер-лигасының «Ахмат» клубына қосылды. Алайда бұған дейін ол үш жыл бойы «Қайрат» сапында өнер көрсетті.

Вадимнің «Қайраттағы» жолы Мәскеу филиалынан басталды, алайда 2022 жылы бұл команда таратылған болатын. Сол уақыт ішінде ол 9 матч өткізіп, 4 гол жіберді. Оның еншісінде 4 жеңіс, 2 тең ойын және 3 жеңіліс бар.

2022 жылы Ульянов Алматыдағы «Қайратпен» келісімшартқа отырып, 13 наурызда «Мақтааралға» қарсы ойында дебют жасады. Ол үшін маусым өте сәтті өтті – «Қайрат» чемпион атанып, Ульянов Қазақстан чемпионы атанды.

Енді «Ахмат» Вадим үшін жаңа сынақ. Бұрынғы «Қайрат» ойыншысы футбол жолындағы алғашқы қадамдары, «Локомотив» стадионында стюард болып істеген кезеңі, Алматыдағы жарқын сәттері мен болашақ жоспарлары туралы бізге кең көлемді сұхбат берді.

Сұхбатты толығымен QSport YouTube-каналынан көре аласыз!