Қазақстан Кубогының жеребесі — Qfootball арнасында

2026.08.06

Бүгін Qfootball телеарнасы футзалдан Қазақстан Кубогының жеребе тарту рәсімін тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақстан Кубогы — ұлттық футзал маусымындағы басты турнирлердің бірі. Жеребе жаңа турнирдің бастапқы кезеңінде командалардың бөлінуін және олардың қарсыластарын анықтайды.

Өткен маусымда турнирге төрт топқа бөлінген 16 клуб қатысты. Финалда «Ақтөбені» 5:2 есебімен жеңген «Семей» Кубок иегері атанды.

Футзалдан Қазақстан Кубогының жеребесін бүгін сағат 16:30-да Qfootball арнасының тікелей эфирінен тамашалаңыздар.