Басткетболдан Азия Кубогын — QSport арналарынан тамашалаңыз
2025.08.05
2025 жылғы ФИБА Азия Кубогы 5–17 тамыз аралығында өтеді (5–10 тамыз — топтық кезең матчтары). Бұл турнир Азия мен Мұхит елдерінің ұлттық құрамалары үшін бас баскетбол додасы болмақ. Ол әр төрт жыл сайын ФИБА-ның Азия бөлімі аясында ұйымдастырылады және аймақтың ең үздік командаларын бір алаңға жинайды.
Жеңімпаз команда 2025 жылғы ФИБА Азия Кубогының чемпионы атағын иеленіп, келесі турнирге дейін, яғни 2029 жылға дейін бұл мәртебені сақтайды. Турнирдің төрт жылда бір рет қана өтуі — оны азиялық баскетболдағы ең беделді жарыстардың біріне айналдырмақ.
Турнир форматы:
Топтық кезеңде командалар өз топтарында бір-бірімен кездеседі (шеңбер жүйесі).
Әр топтың жеңімпаздары тікелей ширек финалға жолдама алады.
2 және 3-орын алған командалар 11–12 тамыз күндері өтетін іріктеу кезеңінде плей-оффқа шығу үшін ойнайды.
Топтық кезеңнен кейін плей-офф басталады, ал жеңілген командалар қорытынды орындарды анықтайтын іріктеу матчтарын өткізеді.
Ширек финалдар — 13–14 тамызда, жартылай финалдар — 16 тамызда өтеді.
ФИБА Азия Кубогының финалы мен үшінші орын үшін матч — 17 тамызға жоспарланған.