Чемпион анықталуына үш матч қалды

2025.06.03

УЕФА Ұлттар лигасында «төрттік финал» кезеңі басталды. Бұл кезеңде турнирде тек төрт команда қалды: Германия, Португалия, Испания және Франция. Бұл кезеңде қарымта матчтар қарастырылмаған.

Алғашқы матч Германия мен Португалия арасында өтеді. Турнирдің шешуші бөлігіне Германия иелік етіп отыр. Айта кетерлігі, қалған төрт құраманың ішінде Ұлттар лигасын әлі жеңбеген жалғыз команда – Германия. Бұған дейінгі кезеңде олар турнирден шығып қалуға шақ қалды: Италияға қарсы драмалық матчта немістер бірінші таймда үш гол соқса, екінші таймда қонақтар есепті теңестірді. Екі матчтың қорытындысы бойынша алаң иелері жартылай финалға өтті.

Португалия құрамасы 2019 жылы Ұлттар лигасының алғашқы чемпионы атанды. Бұрынғы кезеңде олар Данияны 5:2 есебімен ойсырата жеңді. Айта кетерлік жайт — Криштиану Роналду қазіргі таңда турнирдің үздік сұрмергені саналады. Ойын 4 маусымнан 5-іне қараған түні, түнгі сағат 00:00-де басталады.

Келесі күні Испания мен Франция финал жолдамасын сарапқа салады. Испания — турнирдің қазіргі чемпионы, олар қатарынан екі рет финалға шыққан. Сондай-ақ, топтық кезеңде бірінші орынды иеленген. Жалпы турнир аясында Испания 6 рет жеңіске жетіп, екі матчта тең түсті.

Финалға ең қиын жолмен жеткен — Франция құрамасы. Қарсыласы Хорватия өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Жауапты матчта француздар кері қайтарым жасап, екі гол соғып, пенальти сериясы арқылы келесі кезеңге өтті. Испаниямен матч 5 маусымнан 6-сына қараған түні, түнгі сағат 00:00-де басталады.

Турнирдің финалдық ойыны 8 маусым күні Мюнхендегі «Альянц Аренада» өтеді.