Чемпиондар лигасының аңызға айналған сәттері — QSport-та!

2025.04.07

QSport медиахолдингі Қазақстан аумағында Еурокубоктердің мұрағаттық матчтарын көрсетуге эксклюзивті құқықтарға ие. Арна редакциясы Чемпиондар лигасының мұрағаттық материалдарын пайдалана отырып, жаңа рубриканы дайындау үшін ұзақ жұмыс жасады және қазір оның тұсаукесерін таныстыруға дайын!

Алғашқы роликте — 2006 жылғы «Реал» мен «Арсенал» арасындағы таңдаулы матчтың шолуы. Сізді өткенге апаратын аңызға айналған кадрларда – Тьерри Анри, жас Серхио Рамос, Рауль, Зидан, Бекхем секілді ойыншылар бар.

Сілтеме бойынша өтіп, Чемпиондар лигасындағы тарихи матчтардың сәттерін тамашалаңыз!