Черногория құрамасының ойыншысы «Тоболда» | Марко Вукчевич

2025.03.12

Марко Вукчевич – «Будучност», «Олимпия» және «Ислочь» клубтарында ойнаған қорғаушы. Ол Черногория құрамасының негізгі ойыншысы. «Тобылға» ауысқанға дейін Босния және Герцеговинаның «Борац» клубында өнер көрсетті.

«Тобылдың» жаңа ойыншысы Марко Вукчевич QSport сайтына эксклюзивті сұхбат беріп, Қостанай клубына ауысуы жайлы, басқа командалардың ұсыныстары мен Черногория құрамасындағы ойындары туралы айтты. Бейнежазбаның соңында футболшы қатысқан блиц-сұхбатты тамашалай аласыз, онда Марко кімді үздік қорғаушы деп санайтынын атады.