Еурокубок маусымы аяқталуға жақын. Жеңімпаздар кім болмақ?

2025.05.13

Алдымен Еуропа лигасының иегері анықталады. Финал нағыз ағылшындық шайқас болмақ: «Тоттенхэм» пен «Манчестер Юнайтед» кездеседі. Екеуі де АПЛ-дегі маусымды сәтсіз өткізді, сондықтан бұл жеңіс келесі маусымда еурокубокқа қатысу үшін аса маңызды. Ойын 21 мамырда Бильбаода өтеді.

Одан кейін – Конференциялар лигасының финалы. Бұл жолы турнирді Польшаның Вроцлав қаласы қабылдайды. 28 мамырда «Бетис» атақты «Челсиді» жеңуге тырысады.

Ал басты еуропалық трофей 31 мамырда сарапқа салынады. Чемпиондар лигасының финалында «Интер» мен «ПСЖ» күш сынасады. Шешуші матч Мюнхенде өтеді.