FIFA клубтар арасындағы әлем чемпионаты — QSport арнасында

2025.06.14

14 маусымнан 15 маусымға қараған түні АҚШ-та жаңартылған FIFA клубтар арасындағы әлем чемпионаты басталады. Биыл турнир кеңейтілген форматта өтеді. Қатысушылар саны рекордтық 32 командаға дейін артты. Алғашқы матчта америкалық «Интер Майами» мен мысырлық «Аль-Ахли» кездеседі.

Жеңіс үшін алты конфедерацияның клубтары бақ сынайды: УЕФА (Еуропа), КОНМЕБОЛ (Оңтүстік Америка), АФК (Азия), КАФ (Африка), ОФК (Тынық мұхиты аймағы) және КОНКАКАФ (Солтүстік және Орталық Америка, Кариб алабы).

Турнир матчтарын QSport арналары тікелей эфирде көрсетеді. Жаңалықтарды әлеуметтік желілер мен YouTube-арнадан қадағалаңыздар!