FONBET Ресей Кубогының Суперфиналы QLeague телеарнасында. Комментатор – Әлімжан Асқар
2025.06.01
Бүгін «Ростов» пен «ЦСКА» Ресейдегі футбол маусымының шымылдығын жабады. Кубок кімге бұйырар екен?
«ЦСКА» РПЛ жолымен суперфиналға соңғы үш жылда екінші рет шықса, «Ростов» шешуші ойынға өңірлік жолмен жетті.
«Әскерилер» 2025 жылы бірде-бір матчта жеңілмеген, ал соңғы он кездесудің бесеуінде қақпасына гол жібермеген.
«Ростов» маңызды трофейге өте жақын. Дондықтар «Спартакты» жарыстан шығарды және Кубок үшін жанын салады – Хонатан Альба жаттықтыратын команда Егор Голенков, Максим Осипенко және Николай Комличенкомен бірге елордадан хрусталь кубокпен оралуды көздеп отыр.