Германия құрамасы Түркияны жеңіп, тарихта екінші рет Еуробаскетте топ жарды

2025.09.14

Еуробаскеттің шешуші кезеңіндегі матчтар QSport арналарынан тікелей эфирде көрсетілді.

Әлем чемпионы Германия мен Түркия финалға дейін жеңіліссіз жетті. Шешуші ойында немістер 88:83 есебімен басым түсті. Қола медальді Грекия иеленді.

Әлем кубогының қазіргі иегері Германия құрамасы Еуробаскетте бұған дейін тек бір рет — 1993 жылы чемпион атанған. 2005 жылы финалда ойнаса, ал 2022 жылы қолаға қол жеткізген.

Түркия құрамасы 1949 жылдан бері алғаш рет финалға шықты. 2001 жылы өз жерінде өткен Еуробаскет финалында Югославияға жол берген, ал 2010 жылы өз алаңында өткен Әлем кубогында финалға дейін жеткен.

Қола медаль үшін матчта Грекия Финляндияны 92:89 есебімен жеңді.