ҰХЛ енді QSport-та!
2026.09.29
Ұлттық хоккей лигасының матчтары QSport арналарының эфирінен көрсетіледі. Алғашқы трансляция — 4 қазанда: QLEAGUE арнасында «Детройт» пен «Виннипег» кездеседі. Тікелей эфир Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.
ҰХЛ-да АҚШ пен Канаданың 32 клубы өнер көрсетеді. 2026/27 жылғы маусымда әр команда тұрақты чемпионатта 84 матч өткізеді. Бұл бұрынғыдан екі ойынға көп. Жалпы 1344 кездесу жоспарланған. Тұрақты чемпионат аяқталған соң 16 команда плей-оффқа шығып, Стэнли кубогы үшін таласады.
QSport-тағы алғашқы матч «Детройттың» өз алаңында өтеді. «Детройт Ред Уингз» жаңа маусымның алғашқы ойындарының бірінде «Виннипег Джетсті» қабылдайды.
4 қазан | QLEAGUE | 22:00 — «Детройт» – «Виннипег». Тікелей эфир.