Италия футболы — QSport-та: Серия А толық көлемде
2026.08.21
Еуропаның ең мықты чемпионаттарының бірі — жаңа маусымда QSport арналарында! Көрермендер Италияның Серия А чемпионатындағы барлық матчты тікелей эфирде тамашалай алады: скудетто үшін тартыс, принципті дербилер, көшбасшылар арасындағы кездесулер және әр турдың басты оқиғалары.
Өткен маусымда Италия чемпионы атанған «Интер» скудеттоны мерзімінен бұрын жеңіп алып, тарихындағы чемпиондық атақтарының санын 21-ге жеткізді. Миландық клуб маусым барысында 89 гол соқты, ал «нерадзурридің» капитаны Лаутаро Мартинес 17 голмен чемпионаттың үздік сұрмергені атанды.
Жаңа маусымда «Интер» тағы да чемпиондық атаққа басты үміткерлердің бірі саналады. Титулды қорғаушы команда чемпионатты өз алаңында жоғары дивизионға қайта оралған «Монцаға» қарсы матчпен бастайды. Алғашқы турдың өзінде көрермендер миландық клубтың чемпиондық атағын қорғауға қаншалықты дайын екенін көре алады.
Ойын күнінің екінші кездесуінде «Дженоа» «Наполиді» қабылдайды. Неапольдік клуб өткен маусымды екінші орында аяқтап, жаңа маусымда скудеттоны қайтаруға тырысады. «Наполи» чемпионатты Генуяда бастайды. Алаң иелері дәстүрлі түрде жанкүйерлерінің қызу қолдауына сүйеніп, турнир фавориттерінің біріне лайықты қарсылық көрсетуге дайын.
Серия А-ның алғашқы тікелей трансляциялары 22 тамызда QFootball телеарнасында өтеді.
21:30 LIVE. Футбол. Серия А, 1-тур. «Интер» М — «Монца»
23:45 LIVE. Футбол. Серия А, 1-тур. «Дженоа» — «Наполи»