Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының екінші туры — QLEAGUE арнасында
2026.09.30
30 қыркүйек пен 1 қазанда QLEAGUE УЕФА Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының екінші турындағы төрт матчты көрсетеді. «Рома» өз алаңында «Барселонаны» қабылдайды, «Лион» «Челсимен», «Аустрия» «Интермен», ал «Манчестер Сити» мадридтік «Реалмен» кездеседі.
Жалпы кезеңде 18 команда өнер көрсетеді. Әрқайсысы әртүрлі қарсыласпен алты матч өткізеді. Үздік төрт команда ширек финалға тікелей жолдама алады. Ал бесінші орыннан 12-орынға дейінгі клубтар қалған жолдамалар үшін қосымша матчтарда күреседі.
QLEAGUE арнасындағы трансляциялар кестесі
30 қыркүйек
21:35 — «Рома» — «Барселона»
23:50 — «Лион» — «Челси»
1 қазан
21:35 — «Аустрия» — «Интер»
23:50 — «Манчестер Сити» — «Реал Мадрид»