Әйелдер Чемпиондар лигасының жеребесі — QSport YouTube арнасында

2026.09.04

Бүгін, 4 қыркүйекте, әйелдер Чемпиондар лигасының 2026/27 маусымындағы жалпы кезеңінің жеребесі өтеді. Командалар Еуропаның басты әйелдер клубтық турнирінің келесі кезеңіндегі қарсыластарын біледі.

Жалпы кезеңде әр команда алты түрлі қарсыласпен алты матч өткізеді — үшеуін өз алаңында, үшеуін сырт алаңда. Барлық нәтижелер бірыңғай турнир кестесінде есепке алынады.

Жеребе жалпы кезеңдегі басты матчтарды анықтап, қай командаларға ең қиын қарсыластар түскенін көрсетеді.

Тікелей трансляция — QSport YouTube арнасында (https://youtube.com/live/gfu9T-PkkqU?feature=share).

Басталуы — 15:00.