Клубтық әлем чемпионаты: «ПСЖ» және «Бавария» – QLeague-де
2025.07.05
5 шілде күні сағат 21:00-де Атлантадағы «Мерседес-Бенц» стадионында «ПСЖ» мен «Бавария» арасында Клубтық әлем чемпионатының ширек финал ойыны өтеді. Париж клубы турнирде сенімді ойын көрсетіп, осы маусымда бесінші титулға үміткер. Бірақ оның жолына тағы да қатал қарсылас – мюнхендік «Бавария» шығады. Алдыңғы төрт жеке кездесуде неміс клубы үнемі жеңіске жеткен, ал Луис Энрике құрамы үшін бұл өш алу мүмкіндігі. Венсан Компани басқаратын «Бавария» үшін бұл ойын сынақ болады. Клуб жаңарту кезеңінде болса да, үздіктермен бәсекеге түре алатынын көрсеткісі келеді.