Әлем чемпионаты басталды!

2026.06.11

Бүгін футбол қайтадан бүкіл әлемнің ортақ тіліне айналады. 48 құрама, 3 қабылдаушы ел, 104 матч және бір айдан аса эмоция — Мехикодағы алғашқы ысқырықтан 19 шілдедегі финалға дейін.

Турнирдің шымылдығын аңызға айналған «Ацтека» стадионындағы Мексика — ОАР матчы ашады. Дәл осы жерде ұлы тарихтар бастау алып, ондаған жылдар бойы ұмытылмайтын матчтар өткен еді. Қазір — жаңа тарау.

Әлем чемпионатының ең жарқын сәттері — QSport медиахолдингінің әлеуметтік желілерінде.

Әлем чемпионаты басталды. Кеттік.