«Монако» мен ПСЖ — керемет камбэк
2026.02.18
Князьдіктегі үлкен еурокеш — Чемпиондар лигасындағы «Монако» мен «ПСЖ» текетіресінен арнайы репортаж.
Біз футбол мерекесінің атмосферасын толық сезіндік: қаладағы серуен, фан-шоп, жанкүйерлермен жүздесу, алғашқы ысқырық алдындағы толқу және Стад Луи II аренасындағы алапат энергия. Матч драмалық әрі аса эмоциялы өтті — ойын барысындағы көңіл күй таблодағы есептен де жылдам өзгеріп отырды.
Бұл кештің басты кейіпкерлері — Александр Головин мен Дезире Дуэ. Алайда олардың әрқайсысы өз командасы үшін мүлде бөлек рөл атқарды.
Шығарылымның ең құнды бөлігі — финалдық ысқырықтан кейінгі эксклюзив пікірлер. Біз Луис Энрике мен Себастьен Поконьолиден сұхбат алдық. Сондай-ақ тартысты кездесу туралы әсерлерімен Матвей Сафонов пен Фоларин Балогун бөлісті.