Никита Цзю — Бен Махони: бокс кеші QArena арнасында
2026.08.26
26 тамызда Аустралияда No Limit Boxing турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген Никита Цзю мен Бен Махони бірінші орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласу құқығы үшін жұдырықтасады.
Цзю 12 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетіп, оның 10-ын нокаутпен аяқтаған. Махонидің еншісінде 17 жеңіс пен бір тең нәтиже бар.
Турнирді бүгін QArena арнасынан тікелей эфирде тамашалаңыздар. Басталуы — 14:00-де.