QSport Cyber YouTube арнасы
2026.03.04
Басты киберспорт оқиғалары, шолулар және жарқын сәттер — QSport Cyber YouTube арнасында!
Қазір QArena арнасында Counter-Strike 2 бойынша киберспорт турнирі өтуде. ESL Pro League Season 23 1–15 наурыз аралығында Стокгольм, Швеция қаласында ұйымдастырылуда.
EPL S23 турниріне 24 команда қатысады, олар $275 мың жүлде қорын сарапқа салады. 18 құрам Valve рейтингі арқылы шақырту алды, ал қалғандары басқа жарыстардың нәтижесі бойынша іріктеуден өтті. 23-маусымның жеңімпазы $100 мың алады.
Турнирдің хайлайттары QSport Cyber арнасында: