QSport OLIMBET Қазақстан Кубогының финалында инновациялық графикалық пакетті қолданды

2024.10.27
Қазақстан футболы тарихында алғаш рет ойыншылардың қосымша көрсеткіштерін көрсететін бірегей графика қолданылды.
«Ақтөбе» мен «Атырау» арасындағы финалдық матчтың трансляциясы кезінде жанкүйерлер футболшылардың маңызды статистикалық мәліметтерін нақты уақыт режимінде көре алды. Негізгі назар аударылған көрсеткіштерге еңсерілген қашықтық, соққылар саны мен сапасы, екі команданың үздік ойыншыларының xG (күтілетін голдар) статистикасы және басқа да маңызды деректер кірді.
QSport осындай тәжірибені тұрақты етуге және лиганың басқа матчтары мен турнирлеріне енгізуге ниетті.




