Шымкенттегі ATP Challenger 50 — Qsport арнасында
2026.04.23
Халықаралық ATP Challenger 50 сериясындағы турнир Шымкентте өзінің ең тартымды кезеңіне аяқ басты. Қазақстан Теннис Федерациясы басшылығының, әкімдік пен ATP өкілдерінің қатысуымен салтанатты ашылу рәсімі өтті және негізгі жеребедегі бірінші айналым ойындары басталды. Ұйымдастырушылар іс-шараны ұлттық нақышпен безендірде, ал турнирдің ауқымын 25 мемлекеттен келген теннисшілердің қатысуы растайды.
ATP Challenger 50 турнирін 24-27 сәуір аралығында QARENA және QLEAGUE арналарынан тікелей эфирде тамашалаңыздар