QSport УЕФА Даму турнирінің матчтарын көрсетеді

2026.08.11

12 тамызда QSport арналарында 15 жасқа дейінгі қыздар арасындағы УЕФА Даму турнирінің тікелей трансляциялары басталады. Жарысқа Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь және Ресей құрамалары қатысады.

Алғашқы ойын күні екі кездесу өтеді. Сағат 10:30-да Ресей мен Беларусь құрамалары кездеседі. Ал 17:00-де Қазақстан Әзербайжанға қарсы ойнайды. Екі матчты да QFootball арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

14 тамызда тағы екі кездесу өтеді. Сағат 10:30-да QArena арнасында Әзербайжан – Ресей матчы басталады. Ал 17:00-де QLeague арнасы Қазақстан – Беларусь кездесуін көрсетеді.

Трансляциялар кестесі

12 тамыз — QFootball

10:30. Ресей – Беларусь

17:00. Әзербайжан – Қазақстан

14 тамыз

10:30. Әзербайжан – Ресей — QArena

17:00. Қазақстан – Беларусь — QLeague

УЕФА Даму турнирінің WU15 матчтарын QSport арналарынан тікелей эфирде көріңіздер!