Ресей Кубогының матчтары — Qsport арналарының тікелей эфирінде
2026.08.04
Ертең жанкүйерлерді турнирдің алғашқы туры аясындағы үш тікелей трансляция күтуде.
Футбол кешін QFootball арнасында Мәскеудің «Спартак» клубы мен «Оренбург» арасындағы матч ашады. Одан кейін «Краснодар» өз алаңында «Ахматты» қабылдайды. Ал дәл осы уақытта QLeague арнасында «Зенит» пен «Балтика» командалары өзара кездеседі.
Трансляциялар кестесі:
QFootball
20:30 — «Спартак» (Мәскеу) — «Оренбург»
22:45 — «Краснодар» — «Ахмат»
QLeague
22:45 — «Зенит» — «Балтика»
Ресей Кубогының матчтарын Qsport арналарының тікелей эфирінен тамашалаңыздар!