РПЛ Қысқы Кубогы — QSport-та
2025.02.01
Турнир 30 қаңтар мен 11 ақпан аралығында Абу-Дабиде өтеді.
Биыл кубокқа Ресей чемпионатының топ командалары қатысады – «Зенит», «Спартак», ЦСКА, «Динамо», «Краснодар» және «Ростов».
РПЛ Қысқы Кубогының матчтарын QSport медиахолдингінің телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Турнирде командалар екі топқа бөлінген. Негізгі уақытта жеңіс – 3 ұпай. Пенальтимен жеңіс – 2 ұпай. Қосымша уақыт қарастырылмаған. Пенальтиде жеңілген команда – 1 ұпай, негізгі уақытта жеңілген команда – 0 ұпай.
Топ жеңімпаздары турнир финалына шығады. Екінші орын алғандар үшінші орын үшін кездеседі, ал соңғы орын алғандар бесінші орынды сарапқа салады.