Самат Смақовпен сұхбат

2025.03.04

Самат Смақов Талдықорғандық «Жетісу» клубының бас бапкері атанды. Ол бұл қызметте Қазақстан құрамасының тағы бір бұрынғы ойыншысы Қайрат Нұрдәулетовті алмастырды.

46 жастағы Самат Смақов – Қазақстан құрамасы жейдесіндегі ең көп ойын өткізген футболшы (76 матч). Кәсіби мансабында ол 6 рет ел чемпионы атанып және 4 мәрте Қазақстанның үздік футболшысы деп танылған.

Бапкерлік мансабын үш жыл бұрын «Ордабасы» клубында жаттықтырушының көмекшісі ретінде бастаған. Кейін бір маусым «Семейде» жұмыс істеп, енді «Жетісудың» бас бапкері қызметіне тағайындалды.

«Жетісу» футбол клубының бас бапкері Самат Қабирұлы Смақов команданың дайындығы, бас жаттықтырушы ретіндегі жаңа тәжірибесі, легионерлер туралы заңның әділетсіздігі және алдағы маусымнан күтетін үміті жайлы сұхбат берді.

Самат Қабирұлымен сұхбат – QSport YouTube арнасында!