Бүгін АФК Элиталық чемпиондар лигасының жеребесі өтеді

2026.08.18

18 тамызда Куала-Лумпур қаласында АФК Элиталық чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымының лига кезеңіне жеребе тартылады. Рәсім Қазақстан уақытымен сағат 13:00-де басталады.

Жаңа маусымда Азияның басты клубтық турниріне қатысатын командалар саны 24-тен 32-ге дейін артты. Командалар Батыс және Шығыс аймақтарына бөлінеді. Әр аймақта 16 клубтан өнер көрсетеді.

Жеребе қорытындысы бойынша әр клуб өз аймағындағы сегіз түрлі қарсыласын анықтайды. Командалар төрт матчты өз алаңында, тағы төрт ойынды сырт алаңда өткізеді. Бір ұлттық қауымдастықтың өкілдері өзара кездеспейді.

Әр аймақтың үздік сегіз командасы 1/8 финалға жолдама алады.

АФК Элиталық чемпиондар лигасының жеребесін Qfootball телеарнасынан тікелей эфирде тамашалаңыздар!