УЕФА әйелдер Чемпиондар лигасы — Qsport арналарында
2026.08.04
Бүгін Qsport арналарында УЕФА әйелдер Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі екі матч тікелей эфирде көрсетіледі.
Ойын күнін Минскінің «Динамосы» мен Швейцарияның «Серветт» командасы ашады. Трансляция сағат 12:00-де басталады.
Ал сағат 19:00-де Қазақстанның «Ақтөбе» командасы жарыс жолын бастайды. Ол Исландияның «Брейдаблик» клубымен кездесіп, Еуропаның басты әйелдер клубтық турнирінің келесі кезеңіне шығу үшін алғашқы қадамын жасауға тырысады.
Трансляциялар кестесі:
* 12:00 — «Динамо-Минск» — «Серветт»
* 19:00 — «Брейдаблик» — «Ақтөбе»
УЕФА әйелдер Чемпиондар лигасының матчтарын Qsport арналарынан тікелей эфирде көріңіздер!