УЕФА Әйелдер Чемпиондар лигасы: жаңа маусым QLeague арнасында
2026.09.22
22 қыркүйекте әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 маусымындағы негізгі кезең басталады. 1-тур ойындарын QLeague көрсетеді.
18 команда бірыңғай лигада 6 матчтан өткізеді. Үздік 4 команда тікелей ширек финалға жолдама алады, ал 5–12-орындардағы командалар плей-офф кезеңінде ойнайды.
22 қыркүйек
• 21:35 — «Бавария» — «Манчестер Сити»
• 23:50 — «Реал Мадрид» — «ПСЖ»
23 қыркүйек
• 21:35 — «Серветт» — «Лион»
• 23:50 — «Барселона» — «Париж»
Сейсенбідегі орталық матч — «Бавария» мен «Манчестер Сити» арасындағы кездесу. Ал қазіргі чемпион «Барселона» титулды қорғауды сәрсенбі күні «Парижге» қарсы ойыннан бастайды.
Ойындарды QLeague арнасынан тамашалаңыздар!