Усман Дембеле — ресми түрде планетаның ең үздік футболшысы!
2025.09.23
QSport «Алтын доп» марапатын тапсыру рәсімін тікелей эфирде көрсетті. Міне, оның нәтижелері:
«Алтын доп» (ерлер): Усман Дембеле (ПСЖ, Франция)
«Алтын доп» (әйелдер): Айтана Бонмати («Барселона», Испания)
«Копа трофейі» (21 жасқа дейінгі ең үздік ойыншы): Ламин Ямаль («Барселона», Испания)
«Копа трофейі» (әйелдер): Вики Лопес («Барселона», Испания)
«Яшин трофейі» (ең үздік қақпашы): Джанлуиджи Доннарумма (ПСЖ/«Манчестер Сити», Италия)
«Яшин трофейі» (әйелдер): Ханна Хэмптон («Челси», Англия)
«Герд Мюллер трофейі» (ең үздік шабуылшы): Виктор Дьёкереш («Спортинг»/«Арсенал», Швеция)
«Герд Мюллер трофейі» (әйелдер): Ева Пайор («Барселона», Польша)
Сократес сыйлығы: «Ксана Фондейшн» қоры
Ең үздік ерлер клубы: ПСЖ
Ең үздік әйелдер клубы: «Арсенал»
Ерлер футболындағы жылдың жаттықтырушысы: Луис Энрике (ПСЖ)
Әйелдер футболындағы жылдың жаттықтырушысы: Сарина Вигман (Англия құрамасы)







