Волейболдан Ұлттар лигасы — QSport арнасында!

2025.06.18
18–22 маусым аралығында Әйелдер арасындағы Ұлттар лигасының екінші аптасындағы ойындар өтеді.
Биылғы маусымда 18 ұлттық құрама бақ сынауда. Алғашқы кезеңде командалар үш топқа бөлініп, айналмалы жүйе бойынша 12 матчтан өткізеді. Нәтижесінде үздік сегіз құрама (соның ішінде финалдық кезеңнің иесі — Польша құрамасы) шілденің 23–27 аралығында Лодзь қаласында өтетін плей-офф форматындағы шешуші турнирге жолдама алады.
Ұлттар лигасы алғаш рет 2018 жылы ұйымдастырылған. Сол уақыттан бері АҚШ құрамасы үш мәрте жеңімпаз атанса, былтырғы жарыста Италия командасы топ жарды.
Барлық ойындарды QSport медиахолдингінен тамашалаңыздар!