Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатында: ойындар күнтізбесі
2026.06.10
Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет футболдан әлем чемпионатына қатысады. Фабио Каннаваро жаттықтыратын команда мундиальда K тобына түсіп, онда Колумбия, Португалия және Конго Демократиялық Республикасымен күш сынасады.
Өзбекстандықтар әлем чемпионатындағы алғашқы матчын 18 маусым күні Колумбия құрамасына қарсы өткізеді.
Екінші турда, 23 маусым күні Өзбекстан Португалиямен кездеседі.
Топтық кезеңдегі соңғы матч 28 маусымда Атланта қаласында Конго Демократиялық Республикасына қарсы өтеді.
Өзбекстан құрамасы үшін әлем чемпионатына қатысудың өзі – тарихи жетістік. Команда алғаш рет мундиаль жолдамасын жеңіп алып, әлемнің басты футбол турниріне жолдама алған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет атанды.