УЕФА Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасы: тікелей эфирдегі топ-матч
2025.12.17
УЕФА Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасы шешуші кезеңге аяқ басты. Ал бүгін жанкүйерлерді турнирдің ең мәртебелі қарсыластықтарының бірі күтеді — «Вольфсбург» (Германия) пен «Челси» (Англия) арасындағы кездесу.
Бұл — еуропалық әйелдер футболының екі алпауытының тартысы. «Вольфсбург» — Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы және еурокубоктарда мол тәжірибесі бар, Еуропадағы ең тұрақты командалардың бірі саналады. Ал «Челси» соңғы жылдары нағыз күшке айналып, турнирдің шешуші кезеңдеріне тұрақты түрде шығып жүр әрі әрдайым ең жоғары мақсаттарды көздейді.
QSport телеарнасы «Вольфсбург» — «Челси» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді.
Трансляцияның басталуы — 01:00.
УЕФА Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасындағы ойын күнінің басты оқиғасын жіберіп алмаңыз.