QSport Қазақстандағы басты жасөспірімдер турнирі – QJ League матчтарын көрсетеді

2025.05.14
QSport Қазақстандағы басты жасөспірімдер турнирі – QJ League матчтарын көрсетеді
Қазір осы Лига туралы білуге тиіс ең маңызды нәрселерді айтып береміз.
Бұл турнирді құру идеясы Қазақстан Президентінде алғаш рет 2022 жылы пайда болды. Мақсаты – халықты футбол төңірегінде біріктіру және ауқымды, қызықты жоба жасау.
Форматы қандай? Маусым сәуірде басталады, кейін емтихандарға байланысты үзіліс жасалады, ал шешуші ойындар қазан айында өтеді. Турнирге 16, 17 және 18 жастағы жасөспірімдер, сондай-ақ жасы 17-ден аспайтын қыздар командалары қатысады.
Жас таланттарды дамыту да назарда: командалар құрамында 2011 жылы туған 22 футболшы бар! Ал Лига тарихындағы ең жас ойыншы – «Ордабасы» тәрбиеленушісі Арман Батырхан. Ол алғаш рет 13 жас, 2 ай және 18 күнінде алаңға шықты.
Болашақ жұлдыздар бұл Лигада керемет нәтиже көрсетуде. Өткен маусымда «Ақтөбе» ойыншысы Виталий Латурнус 22 турда 8 гол соқты, ал биыл ол 4 матчта 3 гол салып үлгерді. Ал сұрмергендер көшін «Қайрат» ойыншылары Нилеш Шарма мен Абылай Төлеухан, «Оқжетпестен» Тамерлан Қалымжанов және «Астанадан» Ануар Төленді бастап тұр.
Бесінші тур сенбі, 17 мамырда басталады. QSport трансляцияларын өткізіп алма!